Колледж туралы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі

Колледж туралы

КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ

Колледж туралы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі 2002 жылғы 5 шілдеде құрылды және университеттің академиялық дәстүрлерін жалғастырады.

Колледж миссиясы — үздіксіз білім алуға, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға қабілетті техникалық және кәсіптік білім мамандарын сапалы даярлау.

Аппакова Мадина Несипбековна

Аппакова Мадина Несипбековна

Колледж директоры

Оқытушылар

Жоғары білікті оқытушылар құрамы.

Білім беру ортасы

Компьютерлік сыныптар, аудиториялар мен зертханалар.

Келесі қадам

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуды жалғастыру мүмкіндігі.

КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ

Колледж тарихы

Колледж

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжі (бұдан әрі — Колледж) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы болып табылады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 2002 жылғы 4 шілдедегі № 10 қаулысына, 2002 жылғы 5 шілдедегі № 165 бұйрығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жарғысына (5.32-тармақ) сәйкес 2002 жылғы 5 шілдеде құрылды. Колледж қызметі Колледж туралы ережеге, Ішкі тәртіп қағидаларына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Стратегиялық бағдарлар

  • Колледж миссиясы: қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін, үздіксіз білім алуға және зияткерлік әрі шығармашылық әлеуетін дамытуға қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын сапалы даярлау.
  • Колледж мақсаты: сапалы білім беруді қамтамасыз ету, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ету, олардың қоғам мен еңбек нарығында табысты бейімделуіне жағдай жасау.
  • Пайымы: сапалы білім беру қызметтерін ұсынатын және бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын Қазақстан Республикасындағы танымал колледж болу.
  • Колледж құндылықтары: сапа, инновациялар, тұлғаны құрметтеу, ынтымақтастық және үздіксіз даму.

Колледждің артықшылықтары

  • заманауи материалдық-техникалық база және зертханалар;
  • тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламалары;
  • білікті оқытушылар құрамы;
  • оқытудағы жеке көзқарас және студенттерді қолдау;
  • тағылымдамадан өту, жобалар мен байқауларға қатысу мүмкіндіктері;
  • белсенді студенттік өмір және сабақтан тыс іс-шаралар.

Білім беру қызметі және оқу мерзімдері

Колледждегі білім беру қызметі мемлекеттік лицензия негізінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Колледж Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламаларын іске асырады.

  • Негізгі орта білім базасында (9-сыныптан кейін): 2 жыл 10 ай;
  • Жалпы орта білім базасында (11-сыныптан кейін): 1 жыл 10 ай.

Оқыту күндізгі оқу нысанында қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Даярлау мамандықтары

  • 04210100 — Құқықтану
  • 02310100 — Аударма ісі (түрлері бойынша)
  • 04110100 — Есеп және аудит
  • 06130100 — Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Білім беру қызметіне арналған мемлекеттік лицензия (PDF)
Колледж құжаты 1
Колледж құжаты 2