Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі

Талапкерлерге

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

Талапкерлерге арналған ақпарат


https://youtu.be/vE8Z3yluFQg?si=EsrD90vVumVWKua2



Оқу төмендегі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

• 04210100 — Құқықтану
• 02310100 — Аударма ісі (түрлері бойынша)
• 04110100 — Есеп және аудит
• 06130100 — Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Қабылдау

Оқуға өтініштер техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша, орта буын мамандарын даярлауды көздейтін бағдарламаларға қабылданады.

Күндізгі оқу нысанына қабылдау мерзімі: ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 25 тамызына дейін.

Қажетті құжаттар тізімі

• Белгіленген үлгідегі өтініш
• Негізгі орта білім туралы куәлік (9-сыныптан кейін) немесе жалпы орта білім туралы аттестат (11-сыныптан кейін), қосымшаларымен — түпнұсқа + көшірме
• № 075 нысанындағы медициналық анықтама
• Флюорография суреті
• Баланың денсаулық паспорты (немесе 063 нысандағы егу картасы)
• 3×4 өлшеміндегі фотосуреттер — 6 дана
• Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік және ЖСН
• 16 жастан асқан ұл балалар үшін тіркеу куәлігі