Колледж туралы
КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ
Колледж тарихы
Колледж
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжі (бұдан әрі — Колледж) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы болып табылады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 2002 жылғы 4 шілдедегі № 10 қаулысына, 2002 жылғы 5 шілдедегі № 165 бұйрығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жарғысына (5.32-тармақ) сәйкес 2002 жылғы 5 шілдеде құрылды. Колледж қызметі Колледж туралы ережеге, Ішкі тәртіп қағидаларына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Стратегиялық бағдарлар
- Колледж миссиясы: қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін, үздіксіз білім алуға және зияткерлік әрі шығармашылық әлеуетін дамытуға қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын сапалы даярлау.
- Колледж мақсаты: сапалы білім беруді қамтамасыз ету, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ету, олардың қоғам мен еңбек нарығында табысты бейімделуіне жағдай жасау.
- Пайымы: сапалы білім беру қызметтерін ұсынатын және бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын Қазақстан Республикасындағы танымал колледж болу.
- Колледж құндылықтары: сапа, инновациялар, тұлғаны құрметтеу, ынтымақтастық және үздіксіз даму.
Колледждің артықшылықтары
- заманауи материалдық-техникалық база және зертханалар;
- тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламалары;
- білікті оқытушылар құрамы;
- оқытудағы жеке көзқарас және студенттерді қолдау;
- тағылымдамадан өту, жобалар мен байқауларға қатысу мүмкіндіктері;
- белсенді студенттік өмір және сабақтан тыс іс-шаралар.
Білім беру қызметі және оқу мерзімдері
Колледждегі білім беру қызметі мемлекеттік лицензия негізінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Колледж Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламаларын іске асырады.
- Негізгі орта білім базасында (9-сыныптан кейін): 2 жыл 10 ай;
- Жалпы орта білім базасында (11-сыныптан кейін): 1 жыл 10 ай.
Оқыту күндізгі оқу нысанында қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Даярлау мамандықтары
- 04210100 — Құқықтану
- 02310100 — Аударма ісі (түрлері бойынша)
- 04110100 — Есеп және аудит
- 06130100 — Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

