Сәбит және Ғабит – қазақ әдебиетінің қос бәйтерегі — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі

Сәбит және Ғабит – қазақ әдебиетінің қос бәйтерегі

16 қараша 2026
Сәбит және Ғабит – қазақ әдебиетінің қос бәйтерегі

Әдеби мұра – ұрпаққа аманат!

2026 жылғы 11 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараның құрметті қонақтары – Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми бөлім жетекшісі, ақын, ғалым, Қазақстанның құрметті жазушысы Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков және музей кешенінің жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Назгүл Амангелдіқызы Алтаева.

Кездесудің басты мақсаты – білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ әдебиетінің рухани құндылықтарын дәріптеу және ұлы қаламгерлердің шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

Кеш бағдарламасы мен негізгі сәттері

  • «Екі тұлға – бір дәуір» танымдық презентациясы: білім алушылар қос қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасады.
  • Шығармашылық бөлім: «Қаламгерлерге тағзым» көркемсөз композициясы мен Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы негізінде дайындалған сахналық көрініс әдеби кештің мазмұнын байыта түсті.
  • «Музей сыр шертеді» бөлімі: қонақтар жазушылардың өмірі, әдеби мұрасы, музей қорындағы тарихи жәдігерлер туралы тағылымды мәліметтермен бөлісті.
  • Интерактивті бөлім: «Әдебиет білгірлері» танымдық тапсырмалары ұйымдастырылып, білім алушылар музей мамандарымен пікір алмасуға мүмкіндік алды.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өткен бұл тағылымды кездесу жастардың ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, кітап оқудың маңызын терең түсінуге бағытталды.

Қос қаламгердің өнегелі өмірі мен өшпес мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін рухани қазына, келешекке қалдырылған асыл аманат!

Кітап оқитын ұрпақ – рухани бай ұлттың болашағы!