Бағдарламалық қамтамасыз ету
06130100
Біліктілік
4S06130103 — Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші
4S06130105 — Ақпараттық жүйелер технигі
9-сынып негізінде
2 жыл 10 ай
Біліктілік: 4S06130103 — Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы ақпараттық технологиялар саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, тестілеуге, енгізуге және сүйемелдеуге қабілетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында студенттер бағдарламалау тілдерін, алгоритмдеу негіздерін, деректер базасын жобалау мен әзірлеуді, веб-қосымшалар жасауды, бағдарламалық өнімдерді тестілеуді және заманауи әзірлеу құралдарымен жұмыс істеуді меңгереді.
4S06130103 — «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші» біліктілігі бойынша түлектер IT-компанияларда, мемлекеттік мекемелерде және экономиканың түрлі салаларындағы ұйымдарда бағдарламашы, веб-қосымшаларды әзірлеуші, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу маманы және ақпараттық жүйелерге техникалық қолдау көрсету маманы болып жұмыс істей алады.
Біліктілік: 4S06130105 — Ақпараттық жүйелер технигі
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4S06130105 — «Ақпараттық жүйелер технигі» біліктілігі компьютерлік жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық жүйелерді орнатуға, баптауға және техникалық қызмет көрсетуге қабілетті ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Оқу барысында студенттер компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшілендіру, операциялық жүйелерді орнату және баптау, техникалық ақауларды диагностикалау және жою, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Түлектер IT-компанияларда, мемлекеттік мекемелерде және экономиканың түрлі салаларындағы ұйымдарда ақпараттық жүйелер технигі, техникалық қолдау маманы, компьютерлік жүйелер операторы және компьютерлік техникаға қызмет көрсету маманы болып жұмыс істей алады.